Accessibility links

Бүгін Мәскеуде Еуразиялық одақ туралы декларацияға қол қойылады


Ресей, Беларусь және Қазақстан президенттері Мәскеудегі кедендік одақ елдерінің саммитінде. 9 желтоқсан, 2010 жыл.

Ресей, Беларусь және Қазақстан президенттері Мәскеудегі кедендік одақ елдерінің саммитінде. 9 желтоқсан, 2010 жыл.

Ресей, Беларусь және Қазақстан президенттері бүгін Еуразия экономикалық одағын құруға бастайтын алғашқы келісімдерге қол қоя бастайды.

Қарашаның 17-інде Мәскеуде Қазақстан мен Беларусь президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенконы қабылдады. Ресми Кремль кездесуде үш ел басшысы үш елдің арасындағы экономикалық интеграцияны одан ары кеңейтуге бағытталған декларацияға қол қояды деп хабарлады.

Еуразиялық экономикалық одағын Ресей премьер-министрі Владимир Путин ұсынған болатын. Оның құрамына Ресей, Қазақстан және Беларусь кіреді. Бірақ постсоветтік елдердің кез-келгеніне одаққа мүше болуына мүмкіндігі бар.

Владимир Путин Еуразия экономикалық одағы тек экономикалық мақсатта ғана құрылады және Еуропалық одақ сияқты ұйымға айналады деген. Алайда сарапшылар одақ бұрынғы КСРО-ны қайта қалпына келтіруді көздейді деген пікірде.
XS
SM
MD
LG