Accessibility links

Клинтон: Сирияда азаматтық соғыс болуы мүмкін


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон. 10 қараша 2011 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон. 10 қараша 2011 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның мәлімдеуінше, Сирияда азаматтық соғыс басталып кетуі мүмкін. Дегенмен ол Ливиядағы жағдайға араласқан халықаралық қауымдастықтың Сирияда да солай жасау мүмкіндігі туралы ешнәрсе айтпады.

Жұма күні Франция сыртқы істер министрі Ален Жюппе БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін Сирия президенті Башар әл-Асадқа қарсы әрекет етуге шақырды. Жюппенің пікірінше, қарапайым азаматтарды басып жаншып жатқан Асад режиміне қарсы санкцияларды күшейту керек. Бұл туралы ол Анкарада Түркия сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглумен өткізген бірлескен баспасөз мәслихатында айтты.

Ал Давутоглу Сириядағы қақтығыс азаматтық соғысқа ұласуы мүмкін деп мәлімдеді. Сирия армиясындағылардың кейбірі үкіметке қарсы шерушілерге қосылып жатыр.
XS
SM
MD
LG