Accessibility links

Назарбаев Тараздағы жарылысты Норвегиядағы оқиғамен салыстырды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Нью-Йорк, 22 қыркүйек 2011 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Нью-Йорк, 22 қыркүйек 2011 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тараздағы лаңкестік әрекетті Норвегиядағы оқиғамен салыстырды деп хабарлайды "Интерфакс" ақпарат агенттігі.

"Терроризм бүкіл әлемде дамып жатыр. Қазақстанда да осыған ұқсас оқиғалар болды. Рас, олардың қандай да бір ұйымдық тамыры жоқ. Бізде норвегиялық жағдайға ұқсас болды, яғни айталық жәй бір бандит басқа адамдармен қоса өзін-өзі өлтіруді шешкен", - деді Назарбаев Мәскеуде "Интерфакс" және "РИА Новости" агенттіктеріне берген сұқбатында.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, өткен сенбіде Тараз қаласында террорлық шабуыл мен атыстан 8 адам қаза болған еді. Ресми мәліметтерге қарағанда, құрбан болғандардың бірі - өзін-өзі жарып жіберген Қариев есімді азамат. Ол джихатты үгіттеген делінеді.

Естеріңізге сала кетейік, жазда Норвегияда Андерс Брейвик есімді азамат ондаған қарапайым адамды атып тастаған болатын.
XS
SM
MD
LG