Accessibility links

Дамаск тұрғындары мен азаматтық белсенді топтың айтуынша,қаладағы "Баас" партиясы орналасқан ғимаратқа екі бірдей зымыран тасталды. Егер бұл ақпарат нақтыланса, ел ішінде наурыз айында басталған үкіметке қарсы шерулер кезіндегі билікке қарсы алғашқы шабуыл болмақ.

Бұл тұста президент Башар әл Асад The Sunday Times басылымына берген сұқбатында, өз үкіметінің халықаралық қысымға берілмейтінін, егер әскери шапқыншылық болып жатса, соңына дейін күресетінін ескертті. Ол Сириядағы қантөгіске жаны ауратынын, бірақ Дамаск қарулы топтардың көзін жойып, елде тәртіп орнату керек деп білетінін айтты.

Сириядағы адам құқықтары жағдайын бақылап отырған Human Rights тобы сенбі күні бұл елде үкіметтік күштердің қолынан кемінде 14 адам қаза тапқанын айтты.
XS
SM
MD
LG