Accessibility links

Ауғанстанның лойя жырғасы АҚШ күштерінің елде қалуын қолдады


Ауғанстанның лойя жырғасының соңғы күнгі отырысы. 20 қараша, 2011

Ауғанстанның лойя жырғасының соңғы күнгі отырысы. 20 қараша, 2011

Ауғанстанның ұлттық ассамблеясы немесе лойя жырға өзінің төрт күндік отырысын қорытындылаған қарарында, елге АҚШ-тың қауіпсіздік қолдауы тағы қажет деп шешті.

Ауғанстан президенті Хамид Карзай ассамблеяның жабылуында сөйлеген сөзінде, лойя жырғаның ұйғарымы көңілге қонымды деді. Карзай сондай-ақ ауған күштерінің тәуелсіздігін дамыту керектігін айтты.

Лойя жырғаның қарары президент Карзайдың елде АҚШ күштерін 2014 жылға дейін қалдыруына қоғамдық қолдау танытты.
XS
SM
MD
LG