Accessibility links

Қытай вице-премьері ғаламдық рецессия жалғасты деді


Қытайдың вице-премьері Ван Цишань ұзақтан бергі ғаламдық рецессия қазір де жүріп жатыр, Қытай елдегі мәселелерді назарға алу керек деді. Оның бұл мәлімдемесі әлем экономикасына қатысты Қытай үкіметінің белді мүшесінің алғашқы осындай болжамы болып отыр.

"Синьхуа" агенттігінің жазуынша, Ванг бұл жолы үлкен саяси өзгерістер туралы айтпады, бірақ банктер кішкентай фирмалар мен ауылшаруашылық секторына көбірек несие беруге икемді болуы керек деді.

Қытайдың экономикалық саласына жауапты Орталық банкі өткен аптада егер қажет болса, қаржылық саясатын өзгертуге дайын екенін айтқан.
XS
SM
MD
LG