Accessibility links

Испанияда парламент сайлауында консерваторлар жеңіске жетті


Испанияның оңшыл консерваторлық партиясының жетекшілері партияның Мадридтегі штаб-пәтерінде. 22 мамыр, 2011 жыл.
Испанияның оңшыл консерваторлық партиясының жетекшілері партияның Мадридтегі штаб-пәтерінде. 22 мамыр, 2011 жыл.
Испанияда өткен парламенттік сайлауда Мариано Рэджой басқаратын оңшыл консерваторлардың "Халықтық партиясы" сайлаушылардың 40 пайыз дауысын жинап жеңіске жетті. Партия енді парламенттің төменгі палатасындағы 350 орынның басым бөлігіне - 186 орынға ие болуы ықтимал.

Елді 2004 жылдан бері басқарып келе жатқан социалистік партия 29 пайыз дауыспен парламенттегі 110 орынға ие болуы мүмкін.

Елді жеті жыл басқарған социалистік партияның орнына келген консерваторлардың алдында қатаң экономикалық реформалар жасау міндеті тұр. Өзінің парламенттегі жеңісін атап өткен Мариано Рэджой барлық испандықтарды мемлекеттің қомақты қарызын қысқартуда және экономикалық стагнацияға қарсы тұруда өзіне қолдау көрсетуге шақырды.

Экономикалық қуаты жөнінен Еуроодақта төртінші орында тұрған Испанияда дағдарыстан жұмыссыздықтың деңгейі 21 пайыздан асып кеткен болатын. Бұл - Еуроодақтағы ең жоғары көрсеткіш.
XS
SM
MD
LG