Accessibility links

Каддафи тұсындағы барлау қызметінің басшысы тұтқындалды


Халықаралық трибунал іздеу жариялаған Муаммар Каддафи, оның ұлы Саиф әл-Ислам және Абдулла әл-Санусси. 27 маусым, 2011 жыл.
Халықаралық трибунал іздеу жариялаған Муаммар Каддафи, оның ұлы Саиф әл-Ислам және Абдулла әл-Санусси. 27 маусым, 2011 жыл.
Ливияның уақытша үкіметі Муаммар Каддафидің барлау қызметінің қашып жүрген бұрынғы басшысы Абдулла әл-Сануссидің ұсталғанын хабарлады. Ол Муаммар Каддафидің ұлы Саиф әл-Ислам ұсталған күннің ертеңінде елдің оңтүстігінде тұтқындалған.

Бұл екеуін де Халықаралық трибунал "адамзатқа қарсы қылмыс жасады" деп айыптап, іздеу жариялаған болатын. Ливияның уақытша үкіметі Саиф әл-Исламды Ливияда әділетті түрде соттауды сұрап отыр. Халықаралық трибуналдың бас прокуроры Луис Морено Окампо мұны таяу күндері Ливия басшылығымен талқылайтынын айтты.

Муаммар Каддафидің ұлы Саиф әл-Ислам өткен аптаның соңында Ливияның оңтүстігінде ұсталған.
XS
SM
MD
LG