Accessibility links

Сирия Араб лигасының талаптарын айыптады


Сирияның сыртқы істер минстрі Валид әл-Муаллем. Дамаск. 14 қараша, 2011 жыл.
Сирияның сыртқы істер минстрі Валид әл-Муаллем. Дамаск. 14 қараша, 2011 жыл.
Сирияның сыртқы істер министрі Валид әл-Муаллем Араб лигасын Батыс елдерінің құралы болып отыр деп айыптады.

Министр бұл жайлы Араб лигасы Сирияның мүшелігін тоқтатып, Дамаскінің бейбітшілік жоспарына түзету енгізу ұсынысын қабылдамай тастағаннан кейін мәлімдеді. Лига Сирияға өткен аптада зорлық-зомбылықтарды үш күнде тоқтатуды және елге халықаралық бақылаушыларды жіберуді талап еткен болатын.

Әл-Муаллем "бұл талаптарды орындау мүмкін емес" және "бақылаушыларға елдің егемендігіне қауіп төндірерліктей құқық береді" дейді.

Ұлыбританияның Sunday Times басылымына берген сұхбатында президент Башар әл-Ассад Сирияның ешқандай қысымға көнбейтінін ескерткен болатын. Ол елдің тұрақтылығы мен бірлігін "бірінші кезектегі мәселе" деді.
XS
SM
MD
LG