Accessibility links

Әзербайжан парламенті Гейдар Әлиевке "Ұлт көшбасшысы" атағын беруді ұсынады


Әзербайжанның бұрынғы президенті Гейдар Әлиев.

Әзербайжанның бұрынғы президенті Гейдар Әлиев.

Әзербайжан парламентінің депутаттары бұрынғы президент Гейдар Әлиевті «ұлт көшбасшысы» деп жариялайтын заң қабылдауды қарастырып жатыр.

Депутат Джала Әлиева парламент сессиясында бұрынғы президент Гейдар Әлиевке «Ұлт көшбасшысы» атағын беру заңнамасымен айналысатын топ құрылу керек дейді. Оның ойынша, халық Гейдар Әлиевті бұрыннан ұлт жетекшісі ретінде қабылдайды. "Сондықтан депутаттар ұлт көшбасшысының мұрасын, жеке басын, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауы керек. Мәжіліс депуттарына осы мәселені көктемгі сессия кезінде талқылау үшін жұмысшы тобын құруды ұсынамын» деді Джала Әлиева.

Алайда депутат ол заңның Гейдар Әлиевті қалай қорғайтынын және оның қазіргі мұрагері, президент Ильхам Әлиевке де қатысы бар-жоғын ашып айтпады. Биліктегі «Ени Әзірбайжан» партиясы мен үкіметшіл өзге де партиялар осындай ұсыныстарды бұған дейін де айтып келді.

Президент әкімшілігінің әлеуметтік-саяси департаментінің басшысы Әли Хасанов Trend news агенттігіне ұлт көшбасшысы туралы заң қабылдануы мүмкін екенін айтты. Ол ұсыныс білдірген адамдар өзге елдердегі осы тектес заңдардан хабардар екендігін айтады.

Оппозициялық "Әзербайжан халықтық майданы" партиясының жетекшісі Әли Каримли "егер бұрынғы президент туралы заң қабылданса, ол елді авторитарлы мемлекеттер қатарына қосатын соңғы шаралардың бірі болмақ" дейді.
XS
SM
MD
LG