Accessibility links

Қазақстан мұсылмандар одағы өздеріне рұқсатсыз тінту жасалғанын хабарлады


Шымкент қаласындағы "Қошқар Ата" мешіті. 2009 жыл.

Шымкент қаласындағы "Қошқар Ата" мешіті. 2009 жыл.

Қазақстанның Мұсылмандар одағы (ҚМО) мен Орталық Азиядағы адам құқықтары жөніндегі мұсылман комитеті (ОААҚМК) бүгін Азаттық радиосына ұйымның Оңтүстік Қазақстан облысындағы (ОҚО) филиалы өкілінің үйіне рұқсат етілмеген тексеру жұмыстары жүргізгенін хабарлады.

ҚМО мен ОААҚМК Азаттық радиосының тілшісіне құқық қорғау қызметкерлері мұсылмандарды терроризммен байланыстыратынын айтты. Қос ұйым жасаған мәлімдемеге қарағанда, қарашаның 18-і күні ОҚО Сайрам ауданының Ақбұлақ ауылында құқық қорғау органының қызметкерлері ауыл имамы, ҚМО мен ОААҚМК-нің осы облыстағы төраға орынбасары Тілеуберген Асановтың үйіне күндіз басып кіріп, тінту жүргізген.

"Рұқсат құжаттарын көрсетпестен олар үйге тінту жасап, компьютер және басқа да электрондық құралдарды күштеп алып кетті. Қалайда экстремизмнің белгілерін табу үшін және терроризмге қарсы күрес жоспарын асыра орындау мақсатында олар принтерді де тексеруге әкетті" деп көрсетеді Мұсылмандар одағы.

"Біз ішкі істер министрлігін мұндай жөнсіздіктің алдын алуға, офицерлері мен қатардағы қызметкерлерінің құқықтық сауатын арттыруға шақырамыз" дейді Мұсылмандар одағы өз мәлімдемесінде. Ұйым мұндай әрекеттер қоғамда үлкен үрей туғызады деп санайды.

Ал ОҚО Сайрам аудандық ішкі істер басқармасына хабарласқан Азаттық тілшісіне оқиғаның анық-қанығын білу мүмкін болмады.
XS
SM
MD
LG