Accessibility links

Пәкістанда әскерилерге шабуыл жасалып, 14 сарбаз қаза болды


Пәкістанның Белуджистан провинциясының картасы.

Пәкістанның Белуджистан провинциясының картасы.

Пәкістанның әскери басшылығы бүгін елдің оңтүстік-батысында тосқауылда жүрген 14 сарбаздың қаза болғанын хабарлады.

Белуджистан провинциясында жүрген шекара күзетінің сарбаздарына қарулы адамдар жасаған шабуылдан 14 сарбаз қаза болып, 10-ы жараланды.

Белуджистанды азат ету армиясының Белуджи қарулы тобы шабуылға жауапкершілікті мойындарына алды. Ал Белдужи тобының өкілінің айтуынша, шабуылдан 40 сарбаз қаза болған.

Қарулы топ биліктен тәуелсіздік алуды талап етіп ондаған жыл бойына күрес жүргізіп келеді. Олар сондай-ақ өздеріне провинцияның табиғи байлықтарынан да көбірек үлес алуды талап етеді.
XS
SM
MD
LG