Accessibility links

Құқық қорғаушы Юлия Тимошенконың денсаулығына алаңдайды


Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимощенко Киевте түрмеде отыр. 4 қараша, 2011 жыл.

Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимощенко Киевте түрмеде отыр. 4 қараша, 2011 жыл.

Украина Жоғарғы радасының адам құқықтары жөніндегі өкілі Нина Карпачева түрмеде отырған оппозиционер, Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконың денсаулығына алаңдайды. "Тимошенконы түрмеден шығарып емдеу қажет" дейді өкіл.

Киевте жазасын өтеп жатқан Юлия Тимошенкоға барған парламенттік құқық қорғаушы Нина Карпачева оның төсектен тұруы қиындап кеткенін жеткізді. Алайда Карпачева бұрынғы премьердің қандай аурумен ауырып жатқанын «медициналық құпия» деп айтпады.

Юлия Тимошенко өткен айда «қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айыппен жеті жылға сотталған болатын. "Оны қазір түрме абақтысында тергеу дұрыс емес. СССР кезінен бері Украина түрмесінде мұндай жағдай болмаған" дейді Нина Карпачева.

Осы айда Юлия Тимошенконың үстінен қызмет бабын асыра пайдаланды және салық төлеуден жалтарды деген бірнеше бап бойынша тағы да қылмыстық іс қозғалды.
XS
SM
MD
LG