Accessibility links

Египет үкіметі отставкаға кетуге өтініш білдірді


Каирдің Тахрир алаңында тұрған наразылық білдірушілер мен полиция күштері. Египет. 21 қараша, 2011 жыл.

Каирдің Тахрир алаңында тұрған наразылық білдірушілер мен полиция күштері. Египет. 21 қараша, 2011 жыл.

Каирде билікке қарсы наразылықтар өтіп жатқан үшінші күні - қарашаның 21-інде Египет үкіметі отставкаға кету туралы өтініш білдірді.

Үкімет өкілі Мохаммед Хагези премьер-министр Эссам Шарафтің өтінішін Қарулы күштердің жоғарғы кеңесі мақұлдағанша жұмыс істей беретінін айтты.

Саяси күштердің коалициясы қарашаның 22-сі күні Тахрир алаңында жаппай халықтық наразылық шерулерін өткізетіндерін мәлімдеген соң Египеттің билеуші әскери консулы елдегі саяси күштерді дағдарысты бірлесе талқылауға шақырды. Шерушілер әскерилерден басқаруды азаматтық билікке тапсыруды талап етіп отыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Каирде үш күн бойы шерушілерді қуып тарату кезінде 20 шақты адам қаза тапты, 1700-дей адам жараланды.
XS
SM
MD
LG