Accessibility links

Тәжікстан Өзбекстаннан теміржолдағы жарылыстың теракті екендігін дәлелдеуді сұрады


Қазақстан темір жолы.
Қазақстан темір жолы.
Тәжікстан өткен аптада Өзбекстанның оңтүстігіндегі теміржолда болған жарылысты бірге тергеуді Ташкенттен сұрады.

Өзбекстанның мемлекеттік "Правда востока" басылымының жазуынша, жарылыс қарашаның 16-сынан 17-сіне қараған күні түнде Өзбекстанның Галаба және Амузанг қалаларының аралығындағы теміржолда болған. Басылым жарылысты теракт деп сипаттаған.

"Тәжікстан темір жолы" компаниясы басшысының орынбасары Усмон Қаландаров жарылыстан Өзбекстан аумағындағы көпір қирағанын айтады. Осының салдарынан Тәжікстанның Қорғантөбе қаласы мен Өзбекстанның Термез қалалары арасындағы пойыздар тоқтап қалған.

Қаландаров Өзбекстанның "Мемлекеттік теміржол компаниясына" тергеуді бірлесе жүргізуді ұсынған. Тәжік жағы Өзбекстаннан жарылысқа қатысты егжей-тегжейлі мәліметтерді және оның теракт екендігін дәлелдеуді сұрап отырғанын жеткізді.

Өзбекстан бұған әзірше жауап бере қойған жоқ.
XS
SM
MD
LG