Accessibility links

Тунистің саяси күштері билікті өзара бөлісті


Тунистің "Республика конгресі" партиясының жетекшісі Монсеф Марзуки 26 қараша, 2011 жыл.

Тунистің "Республика конгресі" партиясының жетекшісі Монсеф Марзуки 26 қараша, 2011 жыл.

Тунисте өткен парламент сайлауында көпшілік дауыс жинаған партиялар елді уақытша басқаратын билік құрамын анықтады.

Бұған дейін жүргізілген келіссөздердің қорытындысы бойынша, "Республика конгресі" партиясының жетекшісі Монсеф Марзуки президент болса, исламшыл "Ән-Нахда" партиясынан Хамади Джебали премьер-министр болмақ. Ал зайырлы "Әт-Такатол" партиясынан Мустафа Бен Джафар ассамблея спикері болып тағайындалады.

Ассамблеяға бір жылдың ішінде елдің жаңа конституциясын жазып шығу міндеттелді.

23 қазанда Тунисте өткен парламент сайлауында бұрын тыйым салынып келген исламшыл "Ән-Нахда" партиясы жеңіске жеткен болатын. Бірақ партия жаңа парламент - ассамблеядағы 217 орынның басым көпшілігіне ие бола алмады.

Қаңтар айында елді 23 жыл билеген бұрынғы президент Зин әл Әбидин Бен Әли елден қашып кеткеннен кейін парламент сайлауы Тунисте алғаш рет өтті.
XS
SM
MD
LG