Accessibility links

Қазақстанның Еуразия одағына ұмтылуы ненің белгісі?


Кеден одағына мүше елдердің басшылары Еуразиялық экономикалық кеңістік аясындағы интеграция мәселелерін талқылау кездесуінде. Мәскеу, 18 қараша 2011 жыл

Кеден одағына мүше елдердің басшылары Еуразиялық экономикалық кеңістік аясындағы интеграция мәселелерін талқылау кездесуінде. Мәскеу, 18 қараша 2011 жыл

Еуразия одағын құру идеясы жүзеге аса бастады. Өткен аптада Мәскеуде Еуразиялық экономикалық кеңістік құру туралы декларацияға қол қойылды. Қарашаның 24-і өткен Форумханада мұндай одақ Қазақстанға тиімді ме, жоқ па деген пікірталас өрбіді.


Қарашаның 24-і сағат 10.00 мен 21.00 арасында өткен Форумханамыз Еуразия одағы идеясына қатысты онлайн пікірталас тудырды. Оқырмандарымыз мынадай сауалдарға жауап жазып жатты:

1. Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің Кедендік одағы Еуразиялық кеңістік құруға негіз бола алатындай жетістікке жете алды ма?

2. Кез-келген саяси-экономикалық одаққа мүше болудан үміткер мемлекет алдымен бұл мәселені өз елінде жалпыхалықтық референдум арқылы шешіп жатады. Қазақстан ЕЭК-ке қосылу мәселесін қалай шешуі керек деп ойлайсыз?

3. Ресейдің әлдеқайда дамыған экономикалық-өндірістік кешендері мен ірі нарығына есік ашу Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігі мен шағын және орта кәсіпкерлеріне қалай әсер етпек?

Осы тақырыпқа қатысты айтар ойларыңызды ортаға сала отырыңыз.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG