Accessibility links

Молдованың Приднестровье аймағы Ресейдің ығына көнгісі келмейді


Приднестр аймағының картасы

Приднестр аймағының картасы

Приднестровье аймағының тағдырын Ресей емес, халық өзі шешеді деп мәлімдеді Молдовадан бөлініп шыққан аймақты 20 жыл бойы басқарып келе жатқан басшысы Игорь Смирнов.

Өткен айда Ресей президенті әкімшілігінің жетекшісі Сергей Нарышкин Мәскеудің Приднестровье аймағы парламентінің спикері Анатолий Каминскийді аймақтың жаңа басшысы ретінде көргісі келетінін айтқан. Ал Владимирр Путин "Единая Россия" партиясының жетекшісі ретінде Каминскийге сайлауда жеңіске жетуіне қолдау білдіріп, хат жіберді.

Алайда, желтоқсанның 11-інде болатын президент сайлауына тағы да қатысқысы келетін Игорь Смирновтың өзі Мәскеудің бұл қадамдары асыра айтылған деп, жоққа шығарды. Молдова премьер-министрі Влад Филат пен Игорь Смирнов екеуара кездесуден соң "халық өз басшысын өзі сайлауы керек" деп мәлімдеді. Олар Приднестровье жанжалын шешуге бағытталған келіссөздер Вильнюсте қарашаның 30-ы мен желтоқсанның 1-і аралығында Вильнюсте қайта жалғасатынын айтты.

Ресей, Украина, Еуропалық одақ, АҚШ және ЕҚЫҰ Молдова мен одан 1990 жылы бөлініп шыққан Приднестровье аймағының арасындағы дауды шешуге арағайын болып келеді.
XS
SM
MD
LG