Accessibility links

Тәжікстан сотталған ресейлік ұшқыштарды босатты


Ресей әуе компаниясының Тәжікстанда сотталған ұшқыштары Владимир Садовничий (сол жақта) мен Алексей Руденко (оң жақта). Хатлон облысы, 8 қараша, 2011 жыл.

Ресей әуе компаниясының Тәжікстанда сотталған ұшқыштары Владимир Садовничий (сол жақта) мен Алексей Руденко (оң жақта). Хатлон облысы, 8 қараша, 2011 жыл.

Тәжікстанынң апелляциялық соты ресейлік әуекомпаниясының сотталған екі ұшқышын босатты.

Прокуратура ұшқыштардың бұған дейін кесілген жаза мерзімі тым қатаң деп, жазаны екі жарым жылға дейін қысқартуды сұраған. Бірақ ұшқыштар рақымшылыққа ілініп, босап шықты.

8 қарашада Ресей әуе компаниясының ұшқыштары Владимир Садовничий мен Алексей Руденконы Тәжікстан соты "ұшақ бөлшектерін заңсыз тасымалдаумен айналысты және шекараны заңсыз кесіп өтті" деген айыппен сегіз жарым жылға сотталған болатын.

Ресей сыртқы істер министрлігі ұшқыштарға қарсы соттың саяси астары бар деп мәлімдеген еді. Осыдан кейін Мәскеу Ресейде жұмыс істейтін тәжік мигранттарының біразын тұтқындап, елден шығара бастады.
XS
SM
MD
LG