Accessibility links

Украина президенті Тимошенкоға дәрігерлік көмек көрсетіледі деді


Қамаудағы бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенко. 4 қараша. 2011
Қамаудағы бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенко. 4 қараша. 2011
Украина президенті Виктор Янукович қамаудағы оппозиция жетекшісі Юлия Тимошенкоға екі күннің ішінде түрмеден сырт жерде медициналық көмек көрсетілетін болады деді.

Осының алдында Украина Жоғарғы радасының адам құқықтары жөніндегі өкілі Нина Карпачева бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконың денсаулығына алаңдап, оны түрмеден шығарып емдеу қажет" деген еді.

Киевте жазасын өтеп жатқан Юлия Тимошенкоға барған парламенттік құқық қорғаушы Нина Карпачева оның төсектен тұруы қиындап кеткенін жеткізді. Алайда Карпачева бұрынғы премьердің қандай аурумен ауырып жатқанын «медициналық құпия» деп айтпады.

Юлия Тимошенко өткен айда «қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айыппен жеті жылға сотталған болатын. "Оны қазір түрме абақтысында тергеу дұрыс емес. СССР кезінен бері Украина түрмесінде мұндай жағдай болмаған" дейді Нина Карпачева.

Осы айда Юлия Тимошенконың үстінен қызмет бабын асыра пайдаланды және салық төлеуден жалтарды деген бірнеше бап бойынша тағы да қылмыстық іс қозғалды.
XS
SM
MD
LG