Accessibility links

Халықаралық трибунал: Каддафидің ұлы Ливияда сотталуы мүмкін


Муаммар Каддафидің ұлы Саиф әл-Ислам. Триполи, 23 ақпан, 2011 жыл.

Муаммар Каддафидің ұлы Саиф әл-Ислам. Триполи, 23 ақпан, 2011 жыл.

Триполиге келген Халықаралық трибуналдың прокуроры Луис Морено-Окампо "Муаммар Кадддафидің ұлы Саиф әл-Исламның соты Ливияда болуы мүмкін" деді. Егер ол Ливияда сотталса, оған өлім жазасы кесіледі.

Луис Морено-Окампо Ливия ұлттық өтпелі кеңесінің өкілдерімен кездесуінде Халықаралық трибуналдың Ливия тарапына тергеу шараларында көмек көрсететінін жеткізді.

Ливияның Ұлттық өтпелі үкіметі бұған дейін тұтқындалған Саиф әл-Ислам мен барлау қызметінің бұрынғы бастығы Абдулла әл-Сануссиді Гаага сотында емес, Ливияның өзінде соттауды қалайтынын айтқан болатын. Ол екеуі өткен сенбіде елдің оңтүстігінде ұсталды.

Халықаралық трибунал маусымның 27-сінде бұрынғы президент Муаммар Каддафиге, оның ұлы Саиф әл-Исламға және барлау қызметінің бұрынғы басшысы Абдулла әл-Сануссиге «адамзатқа қарсы қылмыс жасады» деген айып тағып, бірден тұтқындауға бұйрық шығарған.
XS
SM
MD
LG