Accessibility links

Ақтөбеде бес адамның өлі денелері табылды


Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хатшысы Алмат Иманғалиев.
Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хатшысы Алмат Иманғалиев.
Ақтөбе қаласының шетіндегі, ел арасында ГМЗ деп аталатын аудандағы саяжайлардың бірінен тұншығып өлген бес адамның денелері табылды деп хабарлайды бүгін Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Ішкі істер департаментінің мәлімдеуінше, қарашаның 22-сінде ішкі істер органына 50 жастағы ер адам саяжайлардың бірінен өзінің інісі, тағы үш ер адам мен бір әйел адамның өлі денелерін тапқанын хабарлаған. Сараптама жұмыстары мәйіттерді тұншықтырып өлтіргенін айғақтайтын белгілерді тапқан. Қаза тапқандардың 34 пен 54 жас аралығында екендігі де анықталды.

Оқиғаға байланысты қылмыстық кодекстің "кісі өлімі" деп аталатын 96 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды дейді департаменттің баспасөз қызметінің өкілі Алмат Иманғалиев.

Оқиға жайлы хабар кеше, қарашаның 23-і күні тараған болатын. Алайда оқиғаға қатысты түсінік беруді сұраған Азаттық тілшісіне Алмат Иманғалиев тергеу құпиясына сай түсінік беруден бас тартқан еді.
XS
SM
MD
LG