Accessibility links

Украинада "қызғылт-сары" төңкерістің жеті жылдығы атап өтілді


Киевте "қызғылт-сары төңкерістің" жеті жылдығын атап өтіп жатқан адамдар. Украина, 22 қараша, 2011 жыл.

Киевте "қызғылт-сары төңкерістің" жеті жылдығын атап өтіп жатқан адамдар. Украина, 22 қараша, 2011 жыл.

Кеше Украинада "қызғылт-сары төңкерістің" жеті жылдығы тыйым салынғанына қарамастан атап өтілді.

2004 жылы қарашада президент Виктор Ющенконың жақтастары мен оның сол кездегі одақтасы Юлия Тимошенка Киевтегі Тәуелсіздік алаңында Виктор Ющенко жеңіске жетті деп, сайлау нәтижесіне қарсылық акцияларын өткізген еді. Артынан қайта сайлау белгіленіп, Виктор Ющенко онда жеңіске жеткен болатын. Ал 2005 жылы 19 қарашада Виктор Ющенко 22 қарашаны Украинаның Еркіндік күні деп атап өтуге жарлық шығарды.

21 қарашада Тәуелсіздік алаңы онда төңкерістің жеті жылдығын атап өтуге тыйым салынғандықтан полицияның қоршауында болды. Полиция алаңға келген парламенттік "Наша Украина - Народная самооборона" фракциясының депутатын өткізбеді.

Ал "Батькивщина" партиясының жас белсенділері Еркіндік күнін атап өту үшін Киевтің Лукьяновск тергеу абақтысына жиналды. Партия жетекшісі Юлия Тимошенко қазір қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен жеті жылдық жаза мерзімін өтеп жатыр.
XS
SM
MD
LG