Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Тони Блэрді қабылдады


Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр.
Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақордада Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэрді қабылдады деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

"Кездесу барысында Қазақстан экономикасын жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын әзірлеу мәселесі, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі кең көлемді мәселелер, атап айтқанда Еуропа одағы пен Таяу Шығыстағы жағдайлар талқыланды" деп жазады баспасөз қызметі.

Қазан айында Тони Блэр Қазақстан үкіметіне саяси және экономикалық мәселелер бойынша кеңесші қызметіне алынған.

XS
SM
MD
LG