Accessibility links

Бакуде оппозицияшыл жазушы жарақаттан көз жұмды


Рафиқ Таги, әзірбайжан жазушысы, оппозицияшыл публицист

Рафиқ Таги, әзірбайжан жазушысы, оппозицияшыл публицист


Әзербайжандағы танымал публицист, Әлиев режимінің, әдебиеттегі советтік образдардың, саяси ислам мен Иранның сынаушысы Рафиқ Таги пышақ жарақатынан оңала алмаған күйі қарашаның 23-інде көз жұмды.

Азаттық радиосының Әзербайжан қызметінің хабарлауынша, 61 жастағы жазушы Бакудің №1 клиникалық ауруханасында қайтыс болған.

Журналист Рафиқ Тагиге қарашаның 19-ы күні белгісіз біреулер шабуыл жасап, пышақтап кеткен еді. Рафик Таги саяси-азаматтық көзқарасы үшін Әзербайжан жазушылар одағынан шығарылып, "Еуропа және біз" деген мақаласы үшін 2006 жылы үш жылға сотталып, түрмеде 8 ай отырған.
XS
SM
MD
LG