Accessibility links

Түркия премьері 1930 жылдардағы қырғын үшін күрдтерден кешірім сұрады


Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған парламент депуттары алдында сөз сөйлеп тұр. Анкара, 15 қараша, 2011 жыл.

Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған парламент депуттары алдында сөз сөйлеп тұр. Анкара, 15 қараша, 2011 жыл.

Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған 1930 жылдардың соңында елдің оңтүстік-шығысында мыңдаған күрдтерді қырған әскери қимылдарға қатысты кешірім сұрады.

Режеп Тайып Ердоған өзінің "Әділет және даму партиясының" мүшелеріне телеарнадан сөйлеген сөзінде "Егер мемлекеттің атынан кешірім сұрау қажет болса, онда кешірім сұраймын. Кешіріңіздер!" деді. Премьер-министр 1936-1939 жылдар аралығында қазіргі Тунджели қаласының маңында өткен әскери қимылдардан 13 мың 800 адамның қаза болғанын айтты.

Ердоған мемлекеттің мұрағаттары қырғынды зерттейттін кез-келген адамға ашық екенін де мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG