Accessibility links

Египеттегі наразылық шерулері жетінші күнге ұласты


Тахрир алаңына жиналған наразылық танытушылар. Каир, 23 қараша, 2011 жыл.

Тахрир алаңына жиналған наразылық танытушылар. Каир, 23 қараша, 2011 жыл.

Египетте елді басқаруды әскерилерден азаматтық билікке беруді талап еткен наразылық шерулері бүгін түні бойы жалғасты.

Полиция кеше түнге қарай шерушілерге қарсы қару қолданғаны хабарланды. Бірақ ішкі істер министрлігі "тек көзден жас ағызатын газ ғана қолданылды" деп отыр.

Наразылық шерулері мен оған қарсы зорлық-зомбылық қарашаның 28-інде болатын парламент сайлауына зиянын тигізбек. "Әл-Жазира" телеарнасы ішкі істер министрі Мансур әл-Исавидің елді басқарып отырған әскери кеңеске қарашаның 28-інде болатын парламент сайлауын кейінге ысыруды ұсынғанын хабарлады.

Ал "Би-би-си" телеарнасы көтерілісшілердің әскери кеңестің басқаруды азаматтық билікке жеделдетіп тапсыруға берген уәдесін қабылдамағанын хабарлады. Шерушілерге қатысты қоғамдық пікір де екіге жарылған. Бірқатар египеттіктер ешқандай кедергісіз сайлауға қатысуды қаласа, қарсы тарап сайлаудан бұрын әскерилерден билікті тапсыруды талап етеді.

Елдің денсаулық министрлігі шерушілер мен полицияның арасындағы қақтығыстарда алты күнде 35 адамның қаза тапқанын айтады.
XS
SM
MD
LG