Accessibility links

"Единая Россияның" шеруі наразылық акциясымен қатарлас өтті


Киров қаласында әлеуметтік көмек пен балабақшаларды көптеп ашуды талап еткен наразылық акциясына қатысушы. Ресей, 23 қараша, 2011 жыл.

Киров қаласында әлеуметтік көмек пен балабақшаларды көптеп ашуды талап еткен наразылық акциясына қатысушы. Ресей, 23 қараша, 2011 жыл.

Ресейдің Киров қаласында наразылық акциясы саяси шеруге ұласты. Бұған жергілікті биліктің акцияға рұқсат бермей қоюы себеп болды.

Ондаған жас отбасы қалалық әкімдік ғимаратының алдында жастарға әлеуметтік көмек беруді және балабақшаларды көптеп ашуды талап етіп, наразылық акциясын өткізбек болған.

Бірақ жергілікті билік билеуші "Единая Россия" партиясы да дәл сол күні, сол жерде жиын өткізеді дегенді себеп қылып, акция өткізуге рұқсат бермей қойды. Соған қарамастан жас отбасылар "Единая Россиядан" басқа кез-келген партияға дауыс бер!" деген үнпарақтар ұстап алаңға шықты.

Алаңға келген "Единая Россия" партиясының жақтастары 90 минуттық шеруге қатысқаны үшін әрқайсысы 7 АҚШ долларын алғанын айтты.
XS
SM
MD
LG