Accessibility links

Беларусь белсендісіне қатысты сот үкімі шықты


Құқық қорғаушы Алес Беляцкий сот залында тұр. Минск, 24 қараша, 2011 жыл.
Құқық қорғаушы Алес Беляцкий сот залында тұр. Минск, 24 қараша, 2011 жыл.
Беларусь соты бүгін белсенді құқық қорғаушы Алес Беляцкийді салық төлеуден жалтарды деп төрт жарым жылға соттады және дүние-мүлкін тәркілеуге үкім шығарды.

Алес Беляцкий жетекшілік ететін "Весна" ұйымын Беларусь билігі 2003 жылы тіркеу құқынан айырған болатын. Белсендінің өзі Еуроодақ мүшелері Литва мен Польша оның ұйымның елдегі қызметін қолдау үшін осы елдерде банк есеп-шоттарын ашқаны туралы мәліметтерді Беларуське беріп қойғаннан кейін 4 тамызда тұтқындалған еді. Екі ел артынан берген мәліметтерінің құқық қорғаушыға қарсы айғақ болғанына өкініш білдірді.

Еуроодақ жетекшілері осы аптада Алес Беляцкийге қарсы қылмыстық істің саяси астары бар деп, оны босатуды талап етті.

Бүгінгі тыңдауға Польша, Литва және Еуроодақтың өзге де елдері мен АҚШ-тан дипломаттар қатысты.
XS
SM
MD
LG