Accessibility links

Ақтөбеде терроризммен айыпталған екі адамның соты басталды


Бүгін Ақтөбеде ақпан айында түзету колониясының қақпасында болған жарылысқа қатысты сот отырысы басталды деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметінің маманы Илиада Досоваға сілтеген «Қазақстан жаңалықтары» агенттігі.

«Ақтөбедегі тергеу абақтысында терроризм бойынша айыпталған екі адамға қатысты жабық сот отырысы өтіп жатыр» деді Илиада Досова.

Жалпы режимдегі УКА-168/2 колониясында жазасын өтеп жатқан екі адам 2011 жылғы ақпан айында колония қақпасының алдында болған жарылысқа қатысы бар деп айыпталады. Оларға «терроризмді үгіттеді және теракті жасауға шақырды», «заңсыз қару жасау, жарылғыш заттар мен оқтұмсықтар дайындау» және «түзету мекемесінен қашуға әрекет жасады» деген айып тағылып отыр.

2011 жылғы 24-ақпанда Ақтөбенің УКА 168/2 колониясының қақпасында қолдан жасалған жарылғыш зат жарылған болатын. Зардап шеккен ешкім болған жоқ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG