Accessibility links

Қайрат Мәми сенат төрағасы болып қайта сайланды


Парламент сенатының төрағасы Қайрат Мәми.

Парламент сенатының төрағасы Қайрат Мәми.

Қайрат Мәми парламент сенатының төрағасы болып қайта сайланды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Бүгін сенаттың пленарлық отырысында депутаттар Қайрат Мәмиді бірауыздан сенат төрағасы етіп сайлады. Төраға орынбасары болып Қайрат Мәмидің өзі ұсынған Қайрат Ищанов сайланды.

Қайрат Мәми 2000 жылдан 2011 жылға дейін жоғарғы соттың төрағасы лауазымын атқарды. 2011 жылдың көктемінен бастап сенат төрағасы қызметін атқарып келді.
XS
SM
MD
LG