Accessibility links

Египет шерушілері әскери биліктің жұмадан қалмай кетуін талап етті


Египет әскерилері шерушілер мен полицияның арасын бөліп тұр. Каир, 24 қараша, 2011 жыл.

Египет әскерилері шерушілер мен полицияның арасын бөліп тұр. Каир, 24 қараша, 2011 жыл.

Каирде Египеттің әскери билігіне наразылық шеруі әлі өтіп жатыр.

Наразылық танытушылар бүгінгі шеруді әскерилердің билікті тапсыруына берілген "жұмадағы соңғы мүмкіндік" деп атады. Бірақ бұған қарамастан, елдің әскери кеңесі бұрынғы премьер-министр Камаль Ганзуриге жаңа үкіметті жасақтауды тапсырды. Бейресми ақпараттар бойынша, Ганзури дағдарыстан шығаратын ұлттық үкіметті басқаруға келіскен.

Египетте әскери басқаруды азаматтық билікке тапсыруды талап еткен шерулер қарашаның 18-інде басталған. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, шерушілер мен полицияның қақтығысынан 35-ке тарта адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG