Accessibility links

Араб лигасы: Сирия талапты орындамаған жағдайда санкциялар енгізіледі


Хомс қаласында Башар әл-Асад билігіне қарсы өтіп жатқан шерулер. Сирия. 21.11. 2011ж.
Хомс қаласында Башар әл-Асад билігіне қарсы өтіп жатқан шерулер. Сирия. 21.11. 2011ж.
Араб лигасы Сирияға бүгіннен кешіктірмей елге бақылаушыларды кіргізуді талап етті. Олай болмаған жағдайда лига Сирияға қарсы санкциялар енгізетінін мәлімдеді.

Араб лигасы "егер Дамаск елге зорлық-зомбылықтарды тоқтатуға арналған лиганың жоспарын бағалауға бақылаушыларды кіргізбейтін болса, қарашаның 26-сынан бастап санкциялар енгізеді" деп ескертті.

Санкциялар Сириямен халыққа қажетті тауарлардан өзге заттармен сауда жасасуға шектеу қоюға, елге қатынайтын әуе рейстерін тоқтатуға және Сирияның орталық банкімен қарым-қатынасты үзуге бағытталған.

Араб лигасы президент Башар әл-Ассадтың биліктен кетуін талап еткен толқуға қатысушыларды басып-жаныштауға қатысты лиганың мүшелігінен Сирияны әлдеқашан шығарып тастаған болатын.
XS
SM
MD
LG