Accessibility links

Астанада "Нұр Отан" партиясының 14-съезі өтіп жатыр


"Нұр Отан" партиясының кеңсесі. Астана, 16 қазан, 2011 жыл.
"Нұр Отан" партиясының кеңсесі. Астана, 16 қазан, 2011 жыл.
Бүгін Астанада "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс 14-съезі басталды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі. Съезде партияның сайлауалды тұғырнамасы және сайлауға дейінгі партиялық тізімді бекіту мәселесі қарастырылады.

Съезде сөз сөйлеген президент Нұрсұлтан Назарбаев халықтың басым бөлігі "Нұр Отан" партиясын қолдайтынына және партияның көпшілік дауысқа ие болатынына сенімді екенін айтты.

Партияға өз бағдарламасын орындау үшін тек жеңіс қана қажет екенін айтқан Назарбаев өткен сайлауда қабылданған бағдарламаның мерзімінен бұрын орындалғанын мәлімдеді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың ойынша, "Нұр Отаннан" соңғы таратылған мәжіліске депутат болғандардың көпшілігі қайта сайланады. "Бұрынғы депутаттардың көбі қайта сайланады. Ал мандаты аяқталған депутаттарды партия биліктің атқарушы органдарында және "Нұр Отанда" тәжірибелерін пайдаланып көруге қам жасайды" деді Назарбаев.

XS
SM
MD
LG