Accessibility links

Павлодарда "Хизб-ут-Тахрирге" қатысы бар" деп айыпталған адам сотталды


"Хизб-ут-Тахрир" ұйымының белгісі. Көрнекі сурет.
"Хизб-ут-Тахрир" ұйымының белгісі. Көрнекі сурет.
Кеше Павлодар қалалық соты 24 жастағы азаматты тыйым салынған "Хизб-ут-Тахрир" ұйымына қатысы бар деген айыппен бес жарым жылға соттады. Бұл туралы Азаттық радиосының тілшісіне қылмыстық істер бойынша №2 қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Соттың айтуынша, сотталған азамат 2004-2008 жылдар аралығында "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының Павлодар қаласындағы бөлімшесімен байланыста болған. Оны 2008 жылдың мамыр айында жалдамалы пәтерде ұйымның өзге екі азаматымен бірге ұстаған. Қалалық сот айыпталушының өз кінәсінің кейбірін мойындағанын айтты.

Діни мемлекет - халифат құруды көздейтін "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының қызметіне Орталық Азия елдерінің бірқатарында, соның ішінде Қазақстанда да тыйым салынған.
XS
SM
MD
LG