Accessibility links

Чилиде студент шерушілер полициямен қақтығысып қалды


Чили мемлекетінің картасы.
Чили мемлекетінің картасы.
Чили астанасы Сантьягода мемлекеттік білім беру саласына салынатын қаражатты көбейтуді талап еткен студенттер полициямен қақтығысып қалды.

Полиция наразылық танытушыларға қарсы көзден жас ағызатын газ қолданып, су шашқан. 20 шақты студентті тұтқындап әкеткен.

Чилиде бұдан алты ай бұрын басталған наразылық шаралары Оңтүстік Американың өзге де мемлекеттеріне де тарады. Кеше Колумбия мен Аргентинада да осындай наразылық акциялары болды.
XS
SM
MD
LG