Accessibility links

Пәкістан: НАТО-ның әуе шабуылынан сарбаздар мерт болды


Пәкістан картасы

Пәкістан картасы

Ауғанстандағы НАТО тікұшақтары бүгін Пәкістанның шекаралық бекетіне шабуылдап, кемінде сегіз сарбазды өлтірді деп хабарлайды Пәкістан ресми өкілдері.

Елдің солтүстік-батысындағы Хайбер Пахтунхва уәлаятының әкімі Масуд Каусар бұл оқиғаны "Пәкістан егемендігінің бұзылуы" деп атады.

НАТО өкілдері бұл оқиғаны тексеріп жатқандарын хабарлады.

Өткен жылы ауған шекарасына жақын жерде АҚШ тікұшақтары абайсызда Пәкістанның екі жауынгерін өлтірген болатын. Осыдан кейін Пәкістан Ауғанстандағы НАТО күштеріне жүк таситын көліктер үшін шекараны уақытша жауып тастаған еді.
XS
SM
MD
LG