Accessibility links

Иракта 5 бомба жарылып, 15 адам мерт болды


Ирак картасы

Ирак картасы

Бүгін Ирактағы жарылыстардан кемінде 15 адам опат болды.

Екі бомба Орталық Иракта Абу Грейб пен Фалуджа арасындағы негізгі жолда жарылды. Жергілікті полиция өкілі Омар Заубайдың хабарлауынша, шабуыл құрылысшылардың көлігі жанында болған. Сонымен қатар Бағдадтың Бааб әл-Шарқи ауданында үш бомба жарылып, 7 адам қаза болған.

Жалпы Иракта зорлық-зомбылық азайған, бірақ шабуылдар әлі де болып тұрады. Ресми мәліметтерге қарағанда, қазан айында бұл елде 258 адам өлтірілген.
XS
SM
MD
LG