Accessibility links

Президентшіл «Ақ жол» партиясынан сайлауға 79 адам түседі


«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев. Алматы, 27 қараша 2011 ж.
«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев. Алматы, 27 қараша 2011 ж.

Қатары кәсіпкерлермен жаңарған «Ақ жол» партиясы жексенбіде Алматыда съезін өткізді. Партия белсенділері кезектен тыс парламент сайлауына Назарбаевты толық қолдайтын саяси ұйым ретінде түсетінін мәлімдеді.


Қарашаның 27-і күні Алматыдағы «Қарғалы» санаторийінде «Ақ жол» партиясы 10-шы съезін өткізді. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қолдайтындарын мәлімдеген партия 2012 жылғы қаңтардың 15-іне тағайындалған кезектен тыс парламент сайлауына 79 адам ұсынып отыр. Партиялық тізімдегілерінің дені – кәсіпорын жетекшілері, сонымен бірге бірнеше ақын-жазушы және бір Олимпиада чемпионы бар.

НАЗАРБАЕВТЫ ҚОЛДАЙТЫН ПАРТИЯ

«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашевтың айтуынша, «Ақ жол» президент Назарбаевты қолдай отырып, осыған дейін бірпартиялы болып келген парламентке өзгеріс енгізу, қоғамға тың серпін беру үшін саяси науқанға түспекші.

– Қазақстанның саяси мәдениеті өркениетті оппозиция қалыптастыруға пісіп-жетілді, оның мақсаты – билік партиясымен бәсекеге түсу. Бірақ, ол қоғамды қаққа жару үшін емес, озық ойлы адамдарды біріктіру үшін, мемлекетті шайқалту үшін емес, демократиялық конституциялық құрылымды нығайту үшін, баршамыздың жалғыз, сүйікті, туған мемлекетімізде әрбір қазақстандыққа лайықты қарым-қатынас болуын қамтамасыз ету үшін жасалмақ. Біз осы мақсаттардың бәріне жетуді президент Нұрсұлтан Назарбаевтың да айтып жүргенін жақсы білеміз. Бұл орайда «Ақ жол» партиясы мемлекет басшысына жан-жақты қолдау білдіреді, – деп мәлімдеді Азат Перуашев.

please wait

No media source currently available

0:00 0:00:39 0:00
Жүктеп алу


Ол сөзінде бұған дейін партияның қозғаушы күші белсенді зиялы қауым болса, соңғы кезде партия қатары бизнес өкілдерімен толыққанын да атап өтті. «Зиялы қауымның қаруы – ой мен сөз болса, бизнестің қаруы - іс, «Ақ жол» бүгінде нақты сөз бен істің партиясы», – деді Азат Перуашев.

«Ақ жол» партиясының 10-шы съезіне саяси ұйымның бұрынғы жетекшісі Әлихан Бәйменов келген жоқ. Съезде тек ақын Серік Тұрғынбекұлы ғана Бәйменовті есіне алды. Жұма күні Астанада Назарбаевтың қатысуымен өткен «Нұр Отан» партиясының съезінен Бәйменовті көріп қалған кейбір
«Ақ жол» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Талғат Әбдіжаппаров, 27 қараша 2011 ж.
«Ақ жол» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Талғат Әбдіжаппаров, 27 қараша 2011 ж.
журналистер ол сол партияның қатарына өткен бе деген сауалдар қойды. Алайда Азат Перуашев қазірде мемлекеттік агенттікті басқаратын Әлихан Бәйменовтің «Ақ жолдың» мүшесі болып қалғандығын айтып отыр.

ЖАРЫССӨЗ

Съез мінберінен сөйлеген шешендердің бірқатары бүгінгі «Ақ жол» партиясын өткен ғасыр басындағы Алаш қайраткерлерінің ісін жалғастырушыға теңеді. Сол сияқты, президент Назарбаев пен «Ақ жолдың» жетекшісі Азат Перуашевтың атына да мадақтау сөздер айтылды.

– 20 жыл бойы ұлт көшбасшысының жүргізіп келе жатқан саясатының қолдаушысы бола отырып, Перуашев партияны қазіргі заманғы қауіп-қатерге қарсы қоғамды саяси біріктіретін қуатты құралға айналдыра білді. Дұрысында, қазіргі кезде біздің ортақ үйімізде тыныштық пен бейбітшілік сақталуы үшін әрбір қазақстандық Назарбаевшыл болуы тиіс, – деді «Ақ жол» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Талғат Әбдіжаппаров.

Жүктеп алу


Кентау трансформатор зауытының вице-президенті, «Жас маман» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Еркебұлан Ильясов өзі және бірлестік атынан президент Назарбаевтың саясатын қолдайтыны туралы көпшілік алдында мәлімдеді.

please wait

No media source currently available

0:00 0:00:26 0:00
Жүктеп алу



Қазақ тілінің тағдыры мен совет заманында қазақ жерінде болған ашаршылық құрбандарын сөз еткен жазушы Смағұл Елубай президент Назарбаевтың айтқанын үлгіге келтіріп, қатары кәсіпкерлермен толыққан «Ақ жол» әлеуметтік әділет туын көтерген партия болуы тиіс деген ойын білдірді.

please wait

No media source currently available

0:00 0:01:58 0:00
Жүктеп алу


«АҚ ЖОЛ» ТІЗІМІ

Президентшіл «Ақ жол» партиясының 10-шы съезі алдағы кезектен тыс парламент сайлауына партиялық тізімін бекітті. Оған енген 79 адамның көпшілігі – кәсіпорындар басшылары мен кәсіпкерлік ұйымдардың
Жазушы Смағүл Елубай «Ақ жол» партиясының съезінде. Алматы, 27 қараша 2011 ж.
Жазушы Смағүл Елубай «Ақ жол» партиясының съезінде. Алматы, 27 қараша 2011 ж.
жетекшілері. Солармен қатар бұл тізімде партия төрағасы Азат Перуашев, оның орынбасарлары Людмила Жуланова мен Бөріхан Нұрмұхамедов, экс-депутат Амангелді Айталы, жазушы Смағұл Елубай, ақын Исраил Сапарбай, журналист Қазыбек Иса, Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев және басқалар бар.

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы болып биыл шілденің 2-і күні сайланды. Ол соның алдында ғана «Нұр Отан» партиясы қатарынан шыққанын мәлімдеген еді. Ал сол уақытқа дейін партияны басқарып келген Әлихан Бәйменов президент Назарбаевтың жарлығымен Қазақстанның мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.

Қазақстанда 2002 жылы құрылған «Ақ жол» демократиялық партиясының сол кездегі саяси қарсыластарының бірі болған президентшіл «Азаматтық партиясының» жетекшісі Азат Перуашев еді.

Кейін, 2005 жылы «Ақ жол» партиясының ішінен жік шығып, Әлихан Бәйменовті «Ақорданың адамы» деп айыптап, одан іргесін аулақ салған Алтынбек Сәрсенбайұлы, Болат Әбілов, Ораз Жандосовтар бастаған топ «Нағыз Ақ жол» партиясын құрды.

2006 жылы ақпанда Алтынбек Сәрсенбайұлы қастандықпен өлтірілді. Сол жылы қараша айында «Азаматтық партия» президент Назарбаев төрағалық ететін «Нұр Отан» партиясына қосылды, Азат Перуашев сол партияның қатарына өтті.
  • 16x9 Image

    Кенжебек НҰРҚАСЕНҰЛЫ

    Кенжебек Нұрқасенұлы - 1967 жылы туған. Семей мемлекеттік университетін тәмамдаған.
    Семейдегі «ТВК-6» телеарнасында, «СолDAT» газетінде, «Қазақ тарихы» журналында жұмыс істеген. Азаттық радиосында 2001 жылдан бері еңбек етеді. 

XS
SM
MD
LG