Accessibility links

Тимошенконың жақтастары оның туған күнін атап өтті


Юлия Тимошенко Киевтегі абақтыда отыр. 4 қараша 2011жыл.

Юлия Тимошенко Киевтегі абақтыда отыр. 4 қараша 2011жыл.

Украинаның оппозицияшыл саясаткері Юлия Тимошенконың туған күніне орай оның 3 мыңға тарта жақтасы Киев түрмесінің алдында концерт ұйымдастырды. Жиналғандар жазасын өтеп жатқан Тимошенконың туған күніне гүл мен конверт әкелді. Біраз жұрт танымал әнші Нина Матвиенко ән айтқан кезде келіп қосылды.

Юлия Тимошенко биыл жазда "қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айыппен жеті жылға сотталған болатын. Осы айда оған бұрынғы істеген қызметіне қатысты тағы да жаңадан айыптар тағылды.

Тимошенко мен оның жақтастары "бұл қудалау президент Виктор Януковичтің кек алу үшін жасаған ісі" деп санайды.
XS
SM
MD
LG