Accessibility links

Украинада аштық жариялағандардың біреуі қайтыс болды


Чернобыль атом электр станциясы. Украина, 20 сәуір 2006ж.

Чернобыль атом электр станциясы. Украина, 20 сәуір 2006ж.

Украинада Чернобыль апатына қатысқан 30 шақты наразылық танытушылардың бірі қайтыс болды. 68 жастағы наразылық танытушы полиция шатырда тұрып жатқан наразылық танытушыларды қуып таратқан кезде қаза болған.

Өткен аптада сот олардың наразылығын заңсыз деп ұйғарған. Наразылық танытушылардың жетекшісі Николай Гончаровтың айтуынша, 27 қарашада полиция оларды шатырларынан шығарып жатқан кезде жерге құлап жарақаттанған 68 жастағы бір аштық жариялаушы қайтыс болды.

Донецк қаласында Чернобыль апатына қатысқан 30 шақты адам өздеріне мемлекеттен берілетін жәрдемақының қысқаруына наразылық ретінде 14 қарашадан бері аштық жариялап келген. Николай Гончаров полицияның әрекетін "терроризм" деп бағалады.
XS
SM
MD
LG