Accessibility links

Ауғанстан күштері елде бірнеше аймақты бақылауға алады


Ауғанстанның картасы. Көрнекі сурет.
Ауғанстанның картасы. Көрнекі сурет.
Ауғанстан президенті Хамид Карзай коалиция әскері елден кеткеннен кейін үкімет күштерінің бақылауына өтетін аймақтарды атады.

Карзай үкіметі бүгін Балх, Дайкунди, Тахар, Саманган және Нимроз провинциялары мен Жалалабад, Газни және өзге алты қала мен бірнеше ауданның үкімет күштерінің қолына екінші кезең бойынша өтетінін хабарлады. Бірақ үкімет күштері нақты қашан бақылауға ие болатыны айтылмады.

2014 жылдың соңына қарай Ауғанстанда үкімет күштері елді тұтастай өз бақылауына алуы керек.
XS
SM
MD
LG