Accessibility links

Moody's: Еуропаның несиелік рейтингі төмендеп барады


Moody's is агенттігінің белгісі. Көрнекі сурет.

Moody's is агенттігінің белгісі. Көрнекі сурет.

Moody's рейтинг агенттігі қаржы дағдарысынан Еуроодақ құрамындағы барлық елдердің несие рейтингілеріне қауіп төніп тұр деп хабарлады.

Агенттік соңғы мәлімдемесінде "қысқа уақыт ішінде қор нарығын тұрақтандыратын саяси әрекеттердің жоқтығынан несие рейтингіне қауіп төне береді" деді. Грекия мен Италиядағы саяси тұрақсыздық, Еуроодақ кеңістігіндегі экономикалық жағдайдың нашарлауы өзге елдерге кері әсер етеді.

Бұған дейін Грекия, Ирландия және Португалияның несие рейтингтері төмендеп кеткен болатын.
XS
SM
MD
LG