Accessibility links

Ирактағы жарылыстан 11 адам қаза тапты


Ирактың оңтүстігіндегі Басра қаласында болған жарылыс. Ирак, 13 маусым 2011 жыл.

Ирактың оңтүстігіндегі Басра қаласында болған жарылыс. Ирак, 13 маусым 2011 жыл.

Бағдадтың оңтүстігіндегі түрменің сыртында көлікте жанкешті жасаған жарылыстан 11 адам қаза тапты, 15 адам жараланды деп хабарлады Ирак билігі.

Полицияның мәліметі бойынша, бүгін таңертең Бағдадтан 25 шақырым қашықтықтағы Таджи түрмесінің қақпасында жанкешті ішіне жарылғыш зат тиелген көлікті жарып жіберген. Көлік қызметкерлер мен күзетшілер жұмыстарына келе жатқан мезгілде жарылды. Бұл - Иракта соңғы бір аптада болған үшінші жарылыс.

АҚШ биыл жыл соңында Ирактағы әскерін шығарады.
XS
SM
MD
LG