Accessibility links

Египетте парламент сайлауы басталды


Парламент сайлауында дауыс беруге кезекке тұрған египеттік әйелдер. Каир, 28 қараша 2011 жыл.

Парламент сайлауында дауыс беруге кезекке тұрған египеттік әйелдер. Каир, 28 қараша 2011 жыл.

Египетте бүгін Хосни Мүбәрәк биліктен кеткелі бергі тұңғыш парламент сайлауы өтіп жатыр.

Парламенттің төменгі палатасы - халық ассамблеясына сайлау үш кезеңнен тұрады, ол қаңтардың соңында аяқталады. Парламенттің қос палатасына сайлау наурыздың соңында тәмамдалады. Сайланған парламент ел конституциясын жазатын органды анықтайды.

Сайлауда араларында "Мұсылман бауырлар" бастаған ислам партиялары басым дауысқа ие болады деген болжам бар.

Сайлау әскерилерден басқаруды азаматтық билікке беруді талап еткен наразылық шараларымен қатар өтіп жатыр. Сайлауды кейінге қалдыруды қалайтын наразылық танытушылар Каирдың Тахрир алаңында әлі де шеру өткізіп тұр.

Каирдегі бірнеше сайлау учаскесінде сайлаушылар дауыс беру уақыты басталмай-ақ кезекке тұрды. Әскери кеңестің басшысы Хусейн Тантауи ешкімнің сайлау барысына кедергі келтіруіне жол бермейтінін ескертті.
XS
SM
MD
LG