Accessibility links

2017 жылғы универсиада Алматыда өтуі мүмкін


2013 жылы Ресейдің Қазан қаласында универсиаданың таңбасы

2013 жылы Ресейдің Қазан қаласында универсиаданың таңбасы

2017 жылы студенттердің қысқы универсиадасы Алматы қаласында өтуі тиіс деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Бельгияда 29 қарашада Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов бастаған делегация 2017 жылғы 28-қысқы универсиаданы өткізуге өтініш берген Алматы қаласын таныстырады.


Студенттер универсиадасын өткізуге о баста Италияның Таранто қаласы мен Алматы үміткер болған. "Алайда Алматы басымдыққа ие және Италия үкіметі қаржы дағдарысынан өз кандидатурасын алып тастады. Сондықтан бәсекелес болмағандықтан Алматы 2017 жылғы универсиада ойындарын өткізуі тиіс" дейді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ауқымы мен маңыздылығы жөнінен олимпиада ойындарынан кейін тұратын жазғы және қысқы универсиада ойындары екі жылда бір рет өтеді.
XS
SM
MD
LG