Accessibility links

Бұрынғы Югославияның соңғы премьері қайтыс болды


Югославияның бұрынғы премьер-министрі Анте Маркович. 24 сәуір 2009 ж.

Югославияның бұрынғы премьер-министрі Анте Маркович. 24 сәуір 2009 ж.

Бұрынғы Югославияның соңғы премьер-министрі болған Анте Маркович 88 жасында қайтыс болды.

1989 жылы премьер атанған Маркович жүзеге асырған экономикалық реформалардың нәтижесінде өмір сүру деңгейі көтеріліп, инфляция деңгейі төмендеген. Бірақ кейін билікке ұлтшыл саясаткерлер Слободан Милошевич пен Франьо Туджман келгеннен кейін оның танымалдығы төмендеп кетті.

Анте Маркович 1991 жылы, Югославия әлдеқашан ыдырап кеткен соң премьер-министр қызметінен бас тартты. Кейін саясаттан да алыстады. 2003 жылы ол БҰҰ-ның Гаага трибуналында Слободан Милошевичтің соғыста жасаған қылмыстарына куәлік берді.
XS
SM
MD
LG