Accessibility links

Сталиннің қызы қайтыс болды


Лана Петерс (Светлана Аллилуева) - Иосиф Сталиннің қызы.
Лана Петерс (Светлана Аллилуева) - Иосиф Сталиннің қызы.
СССР диктаторы Иосиф Сталиннің АҚШ-та тұратын жалғыз қызы қайтыс болды. Висконси штатының билігі Сталиннің қызы Лана Петерс 22 қарашада 85 жасында іш құрылысы қатерлі ісігінен қайтыс болғанын хабарлады.

Лана Петерс (туған кездегі аты-жөні Светлана Сталина) 1967 жылы қырғи-қабақ соғысы жылдары АҚШ-қа қашып кетеді. Онда коммунистік жүйе мен әкесін айыптайды. Ол өз өмірі туралы екі мемуар жазады. Бұл кітаптар АҚШ-та жақсы сатылып, Светлана Сталина ауқатты әйелге айналды.

1953 жылы Иосиф Сталин қайтыс болып, оны миллиондаған адамды қырды деп айыптаған соң Светлана Сталина шешесінің фамилиясына көшіп, Аллилуева болып жазылды. 1970 жылы ол АҚШ-тың танымал сәулетшісі Френк Ллойд Райттың шәкірті Уильям Петерске үйленді. Үш баласы бар.

1984 жылы Совет одағына оралған Лана Петерс бір жылдан соң АҚШ-қа қайтып кеткен еді.
XS
SM
MD
LG