Accessibility links

Иранда жарылыс болды деген хабар тарады


Натанц қаласындағы ядролық нысанды қорғауға қойылған зениттік кешен. Иран. 2 қыркүйек 2007 жыл.
Натанц қаласындағы ядролық нысанды қорғауға қойылған зениттік кешен. Иран. 2 қыркүйек 2007 жыл.
Иранның Исфахан қаласында 28 қарашада жарылыс болғаны туралы қарама-қайшы ақпараттар тарады.

Бұдан сәл бұрын Fars ақпарат агенттігі Исфаханда жарылыс дауысы естілгенін хабарлаған. Агенттік кейінірек бұл ақпаратты өзінің веб-сайтынан алып тастады. Fars агенттігі сілтеме жасаған Исфахан провинциясы басшысының орынбасары Мұхаммед Мехди агенттікке сұхбат бермегенін және қалада ешқандай жарылыс болмағанын айтты.

Исфахан провинциясы сот билігінің басшысы Ғұламреза Ансари Иранның ISNA ақпарат агенттігіне жарылыс туралы ешқандай ақпарат бермегенін айтты.

Мұндай қарама-қайшы ақпарат Исфахан Иранның ядролық бағдарламасы жүзеге асып жатқан орталықтың бірі болғандықтан назар аудартып отыр.

Себебі осы айдың басында Тегеранда революциялық гвардияның базасында жарылыс болған. Онда 30 адам, оның ішінде елдің ядролық бағдарламасын жасаушы аға командир де қаза тапқан еді.
XS
SM
MD
LG