Accessibility links

Польша президенті Украинадан Тимошенконы босатуды сұрады


Польша президенті Бронислав Коморовский Украина басшысын бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенконы түрмеден босатуға шақырды.

Президент Бронислав Коморовский Киевке сапарында Тимошенконың қуғындалуы Украинаның Еуроодаққа қосылу турасындағы келісімдеріне кесірін тигізеді деді. Ол Украинаға Тимошенконы ақтап алатын заң қабылдап, оны босату керектігін айтты.

Ал Украина президенті Виктор Янукович Юлия Тимошенкоға еуропалық деңгейдегі медициналық көмек беріледі деп уәде етті.

Тимошенко қазан айында қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен жеті жылға сотталған болатын. Экс-премьердің жақтастары, АҚШ пен Еуроодақ бұл айыптаудың саяси астары бар деп санайды.
XS
SM
MD
LG